Жетімдер үйіндегі 600 ден аса бала өз отбасына қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетімдер үйіндегі 600 ден аса бала өз отбасына қайтарылды

Жетімдер үйіндегі 600 ден аса бала өз отбасына қайтарылды

Биыл балалар үйінің 609 тәрбиеленушісі өз отбасына қайтарылды. Сондай-ақ 700-ге тарта бүлдіршінді өзге отбасылар қамқорлыққа алған. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен мәлімдеді.

  • 2 Желтоқсан 2016
  • 800
Фото - Caravan.kz


Қазірде отбасының ынтымағын нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен аймақтарда «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі» сынды жобалардың арқасында балалар үйіндегі өрендерге жарқын болашақ сыйлауға тамаша мүмкіндік бар. Биыл жетімдер мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға мемлекет қазынасынан 280 миллион теңге бөлінген. Ләззат Сүлеймен, Әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары: — Бүгінде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің арқасында 5 миллиард теңгені құрайтын 7 231 балаға арнайы есеп шот ашылды. Ол болашақта балалар үйінің тәрбиеленушілері кәсіби мамандық иесі болуға айтырлықтай көмек.