Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тортуыл Шоқанның айтуынша, Сманов жетімдер үйінен 6 баланы асырап, оларды әбден қинап, қамап ұстаған. Ас орнына мысықтың еті мен боғын жегізген.
«Мына видеода Шымкенттік «халық емшісі», «жыншығарғыш» Ұлықбек Сманов Ақбота Керімбекованың әнімен жұртты емдеп жатыр.
Әйелі Индира Сманова екеуі Астана мен Шымкент қаласынан 6 бала асырап алып— ас орнына мысық еті мен боғын жегізіп, қамап ұстаған.
Өзімен өзі сағаттап сөйлесе беретін Сманов қазақ-араб универститін бітіргенін,
Отырар ауданын колледждері бірінде ән пәнінен сабақ бергенін, ал бала кезден «қуатын» болғасын, психдиспансерде ем алғанын журналист Гүлмира Әбіқай Смановтың қарындасынан анықтапты.
Балалар үйінен асырап алынған 6 ты баланың ересектеуі балалар үйіне хабарласып, қорлық көріп жүргенін, қайта балалар үйіне қайтқысы келетінін телефонмен айтқан.
Тексеріс кезінде, түрлі бассыздық анықталып, Ұлықбек Талғар аудандық жындыханаға жатқызылып, бұлар асырап алған балалар мемлекет қарауына қайтарылған», деп жазды.
Айта кетейік, Azattyq Rýhy ақпарат агенттігінің хабарлауынша:
— Шымкент қаласының тұрғындары, ерлі-зайыпты Ұлықбек Сманов пен Индира Сманова 2021 және 2023 жылдары кәмелетке толмаған 6 баланы қамқорлыққа алған. Балалардың екеуін асырап алған, ал төртеуі қамқорлықта тәрбиеленді.
Қолымызға түскен құжат бойынша Сманов 3 баланы Шымкент қаласынан қамқорлығына алса, ал, 3 баланы Астанадан алып кеткені белгілі болып отыр. Ол бұл бүлдіршіндерді жетім балалардың базасынан тапқан көрінеді.
Қазір жауыздықтан жапа шеккен ересек екі бала бейімделу орталығына орналастырылып, тағы төртеуі балалар үйіне бағытталды. Ер адамның өзі «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғардың психикалық ауруханасында жатыр. Көкбұлақ ауылында болған бұл жағдайдан ауыл тұтас хабарсыз, бір атадан туған бауырлары да білмеген. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды, деп жазды.