Жетімдікті көп көрген болсаңыз, менің онлайн сабағыма қатысыңыз - Айнұр Тұрсынбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетімдікті көп көрген болсаңыз, менің онлайн сабағыма қатысыңыз - Айнұр Тұрсынбаева

Жетімдікті көп көрген болсаңыз, менің онлайн сабағыма қатысыңыз - Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желдіе онлайн сабақ беріп жүр. 

  • 27 Желтоқсан 2018
  • 195
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Айтыскер ақын желідегі парақшасында қандай да бір қиыншылық болып жүрсе, менің тренингіме қатысыңыз деп мынадай пост жазды:

"Ең арзан бірақ ең түсінікті, ең тиімді, ең ыңғайлы тренинг! Мен өзімнің жарты жыл дайындалған сананы өзгерту арқылы өмірді өзгертуге болатын тренинг сабағымды бастағалы жатырмын.. @aidyn_nury_trening парақшасында өтетін 4 күндік онлайн сабаққа қатысу үшін осы суреттің алдындағы (қызыл курткамен отырған) постты мұқият оқып шықсаңыздар.. 10 сағаттың ішінде 260 адам ақша аударған бірақ 215 адам ғана чек жіберген.. Және 1800 адам тіркелуге ұсыныс тастаған, бірақ чектері жоқ! Егер чекті жібермесеңіздер ол парақшаға қосыла алмайсыздар…

🏾Бұл 4 күнде сіздің ойыңызды, мінезіңізді, өміріңізді өзгертуге бар күшімді салатын боламын.. Европаның, Ресейдің 10 шақты псиxологтарын зерттей келе қазақтың менталитетіне сай псиxологиялық ілім аз екенін байқадым.. Ешқайда барып керегі жоқ, үйде отырып, балаларды ұйықтатып, жақсылап жайғасып телефонға қарап отырсаңыз болды! Дәл сол уақытта көре алмасаңыз 24 сағат ішінде көре аласыз, яғни ЭФИР САҚТАЛАДЫ.

 Жүрегіңізде уайым көп болса, жақындарыңыз ренжіте берсе, миыңызда қорқыныш басым болса, тез ашуланатын болсаңыз, жалғызсырап жүрсеңіз, қаржыдан қысылсаңыз, жеьіспеушіліктен шаршасаңыз, жоқшылықты, жеьімдікті көп көрген болсаңыз менің онлайн сабағыма қатысып көріңіз… Өкінбейтініңізге, ойыңызды өзгертіп өміріңізді өзгерте алатыныңызға мен сенімдімін.. Сіз де сеніңіз! Бәрі өз қолыңызда! Алла қолдасын..! ❤️ Тренингке қатысу шарттары кешегі постта!".


Соңғы жаңалықтар