"Бармаған жерім, қақпаған есігім жоқ": Елімізде жетім балалар он жылдай баспана ала алмай сандалып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.49
  • 547.88
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бармаған жерім, қақпаған есігім жоқ": Елімізде жетім балалар он жылдай баспана ала алмай сандалып жүр

"Бармаған жерім, қақпаған есігім жоқ": Елімізде жетім балалар он жылдай баспана ала алмай сандалып жүр

Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 63 000 жуық жетім бала тұр.

  • 8 Қараша
  • 29
Фото: нейрожелі ұсынған

Қандай қоғамда да жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың болуы өкінішті. Бұл мәселені мәжіліс депутаты Генадий Шиповских Үкімет отырысында көтерді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Біз о бастан жетімін далада қалдырмаған, жесірін қаңғыртпаған елдің ұрпағымыз. «Жетім көрсең, жебей жүр» дейтін терең ізгілік пен қайырымдылыққа толы қағиданы ұстанған, әрі оны іс жүзінде орындай білген халықпыз. Бүгінгі күні де осы айнымас дәстүрімізден жаңылған жеріміз жоқ деп айтуға болады.

Иә, Үкімет тарапынан да жетімдерімізге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Десек те, «жетімдеріміз сол қолдауларды алу барынсында қандай қиындықтарға тап болады және көрсетілген қолдаулар жеткілікті ме?» деген орынды сұрақ туындайды.

Оның айтуынша, үймен қамту шараларынан жетім балалар үнемі тыс қалып қояды. Ал өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетім балаларға арналған баспана алуға арналған бағдарламалар мен жеңілдіктер қарастырылғандеп ақпарат беруде. Алайда 2022 жылы шекті жасқа толқан жетім балалардың 63 000-ға жуығы осы кезекте тұрса, оның небәрі 852-сі ғана баспанаға қол жеткізген, ал 2023 жылы 800-і ғана қоныс тойын тойлапты.

«Басқа да мәселе бар. Олар мектеп орнын бітірген соң, әрі қарай қайда баратынын білмей дал болатыны да кездеседі. Ол уақытта колледждер мен жоғары оқу орнына түсу үшін бөлінетін гранттар мен квоталардың санын арттыру аса маңызды. Бұл жерде шешуші рөл атқаратын фактор, ол — жұмыспен қамту сұрағы. Өкінішке орай, бүгінгі таңда оқу бітірген балалардың жұмыспен қамтылу статистикасы көңілден шықпайды», — дейді сенатор.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметінше, ағымдағы жылы мансап орталықтардың квотасы шеңберінде барлығы 4275 адам жұмыспен қамтылса, оның 85-і ғана жетімдер екен. Бұдан бөлек жастар арасында қамтылғандардың арасында 56-сы ғана жетім азаматтар.

«Бұл мәселелерді көтеруімнің себебі, өзім де ата-анамнан айырылып, жетімдер үйінің тәрбиесін көрдім. Бұл мәселелерді іштей білемін десем артық болмас. Сол кездегі достарыммен әлі де араласып тұрамын. Сондай-ақ маған жетімдер тарапынан өте көп шығым келіп түседі. Оның басым бөлігі тұрғын үй мен жұмысқа орналасу туралы», — дейді депутат.

Жоғарыдағы мәселелерді көтере отырып, депутат келесідей шешімдерді ұсынды:

Біріншіден, шекті жасқа жеткен балалардың тұрғын үй кезегінде тұруының тым ұзаққа созылып кетуіне байланысты, жетімдерге арналған жаңа баспана бағдарламасын әзірлеу және жұмыс алгоритмін ұсыну.

Екіншіден, жастайынан тағдырдың тәлкегіне тап болған жетім балалардың оқу орнын аяқтаған соң арнайы жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу.

«Мен 10 жылдай кезекте тұрмын. Бармаған жерім, қақпаған есігім жоқ. Кезек жылжымайды», — дейді кезекті тұрған Аман Буринчин.

«Биыл тура 10 жыл кезекте тұрғаныма. Осы уақыт ішінде кезегім тек 1000 адамға ғана жылжыды. Қазір екі балам бар, осы уақыт ішінде мүмкіндігімше пәтер жалдап келемін», — дейді Индира Мырзатова.

Жетімдердің баспанаға қол жеткізе алмауының басты себебі, заң бойынша аймақтарда салынатын үйлердің 20 пайызы ғана оларға тиесілі. Қазір осы норма қайта қаралып жатыр. Енді бұл шектеу алынып тасталады. Үкімет жетім азаматтарға қанша баспана беруін өзі шешеді. Бұндай өзгерістер онсыз да ұзын-сонар кезекті одан әрі қиындатып жіберуі мүмкін дейді мамандар. Әсіресе, тұрын үй аз салынып жатқан өңірлер үшін бұл мәселе өзекті.

«Қазақстанда салынып жатқан үйлердің саны аз. Ал кезекте тұрған халықтың саны көп. Мысалы келесі жылға бюджеттен 71 млрд бөлінген, оған бар жоғы 5000 жаңа тұрғын үй салынады. Ал ол жеткіліксіз», — дейді «Үнсіз қалма, жетім бала» қоғамдық қорының жетекшісі Руслан Тұрысбеков.

Заңдағы тағы бір жаңашылдық — әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар бұған дейін әкімдіктен алған жалдамалары пәтерлерін жекешелендіру құқығына ие болды. Оның ішінде жетімдер де бар.

Еске салайық, жақында ғана Астана прокурорлары 200-ден астам жетім баланың құқығының тапталғанын анықтаған. Уәкілетті орган олардың 14 жасқа толғанын білсе де, тұрғын үй кезегіне тіркемеген.