Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист ашық ойын өзінің желідегі парақшасында жеткізді.
«Тағы бірдеңе айтуға тура келіп тұр.
Бүгін бір әріптесіміз қоғам жетістікке жеткен адамдарды жақтырмайды депті. Негізі олай емес. Осы Фейсбуктің өзінде көптің симпатиясына ие шіріген байлар бар. Тек олар өздерін дұрыс ұстайтын шығар.
Ашықтықты есерлікпен, шынайылықты мақтан/малшашпақтықпен шатастырмайды. Нық пиар стратегиялары бар, бәлкім. Әлде өз болмыстары сондай жандар. Тіпті, ондай болмаған күннің өзінде қоғамға жағу үшін осындай рөлдерді шебер сомдайды. Ел алдындағы тұлғалар тымқұрығанда осыған тырысу керек шығар. Ол да еңбек. Халық негізі ақымақ емес. Кімнің кім екенін беске біледі», — деп жазды ол.