«Жетісу» футбол клубының директоры сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.31
  • 567.96
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жетісу» футбол клубының директоры сотталды

«Жетісу» футбол клубының директоры сотталды

Үкім заңды күшіне енді.

  • 6 Наурыз
  • 7
Фото: ашық дереккөз

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.