Алматы облысының әкімі Ансар Мұсаханов жұма күні «Жетісу» футбол командасының ойыншылармен кездесті.
«Облыс әкімі футболшыларды бірінші кезеңде бірінші орын алуларымен құттықтап, екінші кезеңде де бірінші орын алуына тілектестік білдірді», — деп жұма күні әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.
А. Мұсаханов, егер екінші кезеңде де команда бірінші орын алатын болса, барлық ойыншыларға үлкен сыйақы беруге уәде етті. «Бұл туралы тиісті нұсқау дайындалып жатыр. Ал қандай сома алатындықтарыңыз сіздердің қандай орын алатындықтарыңызға байланысты», — деп әкім қадап айтты.
Облыстық турзим, дене шықытыру және спорт басқармасында «Жетісу» командасы тұңғыш рет осындай жоғарғы орын алып отырғанын атап көрсетті. «Маусым басынан бері команданы Қарасай ауданының «Сұңқар» командасының бұрынғы бапкері Асқар Қожабергенов бастап келеді», — деді әкімдіктен.
«Командаға жергілікті кадрлар мен Алматы облысының футбол командаларының бұрынғы футболшыларынан тарту «Жетісуды» осы маусымда осындай жетістіктерге жеткізіп отыр», — дейді спорт басқармасындағылар.
Команданы қаржыландыруға осы маусымда Т940 млн бөлінген. Осының арқасында команда бұрындары Қазақстанның басқа қомандаларында ойнаған тағы 5 ойыншыны, сондай-ақ Ресей мен Қытайдан ойыншыларды тартудың сәті түсті.
Чемпионаттың екінші кезеңінде алты команда қатысады. Олардың арасынан 10 ойын барысында чемпионат жеңімпаздары анықталады, дейді спорт басқармасындағылар.