Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Апат 30 маусым күні Сарқан ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 462-шақырымында орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік аударылды.
Оқиға орнында 33 жастағы жолаушы қаза тапты. Екінші жолаушы мен жарақат алған егде жастағы жүргізуші аудандық ауруханаға жатқызылды.