Маусымның 26-сы күні басталған дүбірлі додаға жарыс қожайындарынан басқа Вьетнам, Жапония, Иран, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Тайпей және Солтүстік Кореяның ел чемпиондары қатысып жатыр. Нелли Щербакова жаттықтыратын Талдықорғанның «Жетісу» волейбол клубы бұл байрақты бәсекені сәтті бастады. Олар қытайлықтарды 3:1 (25:16, 25:23, 20:25, 25:22), вьетнамдықтарды 3:0 (25:16, 25:21, 26:24) есебімен ұтты. Бүгін олар бір күн тынығып ертең Тайландтың «Федербрау», ал арғы күні Оңтүстік Кореяның «КТ энд Джи Ариэлс» клубымен сынға түседі.