Жетісулық волейболшы қыздар ел чемпионатының 2-турында да Ұлттық лигадағы басты қарсыласын ойсырата ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісулық волейболшы қыздар ел чемпионатының 2-турында да Ұлттық лигадағы басты қарсыласын ойсырата ұтты

Жетісулық волейболшы қыздар ел чемпионатының 2-турында да Ұлттық лигадағы басты қарсыласын ойсырата ұтты

Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-туры өтіп жатыр.

  • 20 Желтоқсан 2011
  • 341
Фото - Caravan.kz


18 желтоқсанда жалауы көтерілген бұл байрақты бәсеке жексенбі күні аяқталады. Алғашқы турда 18 ұпаймен турнир кестесінде көш бастаған Алматы облысының «Жетісу» командасы кеше алғашқы турда 15 ұпаймен өздерін өкшелеп келе жатқан Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромын» екінші рет 3:1 есебімен тізе бүктірді. Павлодарлықтар жексенбі күнгі 1-кездесуде 2 ұпаймен көш соңында келе жатқан теміртаулықтармен («Металлург») ұпай бөлісті (3:2). Ал 12 ұпаймен үздік үштікті түйіндеген астаналықтар бұл жолы да Теміртау мен Өскемен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») волейболшыларын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, ұпай қорын 18-ге дейін жеткізе алды. Бүгін енді «Астана» мен «Жетісу», «Қарағанды» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Алматы» мен «Металлург АМТ» өзара шеберлік байқасады. Алғашқы турда астаналықтар да, өскемендіктер де, теміртаулықтар да қарсыластарынан 0:3 есебімен жеңіліс тапқан еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера