Алғашқы үш кездесуде «Астана», «Ертіс-Қазхром», «Қарағанды» командаларын 3:0 есебімен ұтқан олар, мүмкін болған 9 ұпайдың барлығын өз қоржынына салды. Бүгін «жетісулықтар» алматылық құрбыларының шеберлігін сынайды. Ал өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») теміртаулық («Металлург АМТ»), қарағандылықтар астаналықтармен күш сынасады. Қазір «Жетісуда» — 63, «Астанада» — 45, Ертіс-Қазхромда» — 37, «Қарағандыда» — 28, «Алматыда» — 20, «Металлург АМТ» командасында — 13, «Шығыс-Қорғасын Құрылыста» — 10 ұпай бар.