Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы басты қарсыластарынан 3 ұпай олжалады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы басты қарсыластарынан 3 ұпай олжалады

Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы басты қарсыластарынан 3 ұпай олжалады

Павлодар қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында Ұлттық лигадағы Қазақстан чемпионатының 4-турында «астаналықтар» «жетісулықтарға» 3:1 есебімен есе жіберді.

  • 16 Ақпан 2012
  • 317
Фото - Caravan.kz


Соның нәтижесінде турнир кестесінде 57 ұпаймен көш бастап келе жатқан Алматы облысының спортшылары өздерін өкшелеп келе жатқан «Астана» командасымен арадағы ұпай айырмашылығын 15 ұпайға дейін жеткізді. Үздік үштікті түйіндеп тұрған Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» қазір 19 ұпайға артта келе жатыр. Одан кейінгі орында «Қарағанды» (28 ұпай) мен «Алматы» (23 ұпай) командалары тұр. Ал теміртаулықтарда («Металлург АМТ») — 13, өскемендіктерде («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 6 ұпай ғана бар. Жарыстың алғашқы күні қарағандылықтармен арадағы ұпай айырмашылығын 2-ге дейін қысқарта алған алматылықтар кеше жұпсыз қалған еді. Бүгін енді екі команда да ұпай қорын барынша ұлғайтуға тырысады. Өйткені «Алматы»мен «Металлург АМТ», «Қарағанды» мен «Шығыс-ҚорғасынҚҚұрылыс» күш сынасады. Ал 4-турдың үшінші кездесуі «Жетісу» мен «Ертіс-Қазхром» арасында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера