Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының 2-турында да қарсылас шақ келтірмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының 2-турында да қарсылас шақ келтірмеді

Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының 2-турында да қарсылас шақ келтірмеді

18-25 желтоқсан күндері Алматыдағы «Темір дос» спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-туры өтті.

  • 26 Желтоқсан 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Онда Алматы облысының («Жетісу») спортшылары барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, турнир кестесінде жалпы есепте 36 ұпаймен көшбасшылық тізгінді сақтап қалды. Олардан Павлодар облысының волейболшылары («Ертіс-Қазхромы») — 10, астаналықтар — 11, Қарағанды облысының командасы («Қарағанды») — 22, алматылықтар — 26, теміртаулықтар («Металлург АМТ») — 27, өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 30 ұпай кем жинады.

Бұл сайыста 21-28 қараша күндері Өскеменде өткен 1-турда үздік үштіктің қатарына енген жетісулықтар (18 ұпай), павлодарлықтар (15 ұпай), астаналықтар (12 ұпай) өз орнын сақтап қалды. Ал алматылықтар (7 ұпай) мен өскемендіктер (3 ұпай) турнир кестесіндегі өз орындарын өкшелеп келе жатқан қарағандылықтар (6 ұпай) мен теміртаулықтарға (2 ұпай) босатып, бір саты төмендеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера