Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лиганың 4-інші турында қарсыластарына бірде-бір ұпай ұстатпауда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лиганың 4-інші турында қарсыластарына бірде-бір ұпай ұстатпауда

Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лиганың 4-інші турында қарсыластарына бірде-бір ұпай ұстатпауда

Павлодарда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстанның ХХ чемпионатының 4-інші туры өтіп жатыр.

  • 20 Ақпан 2012
  • 328
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 5 кездесудің қорытындысы бойынша, Алматы облысының «Жетісу» командасы көшбасшылық тізгінді ешкімге берер емес. Олар 4 ойынның нәтижесінде қоржындарына 12 ұпай салды. «Алматы» — 9, «Астана» мен «Қарағанды» — 8, «Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) — 6, «Металлург АМТ» (Теміртау) -3, ал «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» бірде-бір ұпайға ие бола алған жоқ.

Бүгін «жетісулықтар» теміртаулық, астаналықтар алматылық, павлодарлықтар қарағандылық құрдастарымен кездеседі. Ал 4-інші турдың 21 ақпан күнгі ақтық кездесуінде теміртаулықтар астаналық, өскемендіктер «жетісулық», алматылықтар павлодарлықтармен шеберлік байқасатын болады.