Анталияда ауыр атлетика бойынша өткен әлем чемпионатында алтын медальға ие болған, Алматы облысының тұрғыны, ауыр атлетика бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы атанған Светлана Подобедова кешкі сағат 20.00-де Түркия елінен Алматы әуежайына ұшып келеді.
Қазақстан үшін 75 келі салмаққа дейінгі санатта өнер көрсеткен С.Подобедова 295 келі салмақты бағындырып, әлем рекордын жаңартты.
Светлана Подобедова Ресейдің Зима қаласында дүниеге келіп, сол жерде ауыл атлетикамен айналыса бастаған. Алайда әлем чемпионы Қазақстан құрамасында жүріп, үлкен жетістіктерге жетті.