Жетісулықтар Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 1-турында үздік шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісулықтар Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 1-турында үздік шықты

Жетісулықтар Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 1-турында үздік шықты

Өскеменде 21-28 қараша күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры болды.

  • 29 Қараша 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz


Онда Алматы облысының «Жетісу» командасы барлық ойында қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, мүмкін болған 18 ұпайға толық қол жеткізді. Ал қазіргі ел чемпиондарынан бірі -3, екіншісі 6 — ұпайға қалып қойған Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» мен Астана қаласының («Астана») волейболшылары бұл жолы да 2-3 орындарды бөлісті. Ал 2010/2011 жылдардағы маусымда Қарағанды облысының спортшыларына есе жіберген алматылықтар бұл қарсыласынан 1 ұпай артық жинап, төртінші орынға табан тіреді. Турнир кестесінде 6 ұпаймен «Қарағанды» бесінші, 3 ұпаймен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) алтыншы және 2 ұпаймен «Металлург АМТ» жетінші сатыда тұр.