Жездем қырындауын қояр емес. Не істеймін? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жездем қырындауын қояр емес. Не істеймін?

Жездем қырындауын қояр емес. Не істеймін?

Сәлеметсіздер ме, құрбылар, замандастар!

  • 12 Ақпан 2019
  • 151
Фото - Caravan.kz

Мен осы еркектерді түсінбеймін. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ кей бір еркектерде иман жоқ. Түсінбеймін сондайларды, істеген істеріне мен намыстанамын тіпті. Мен тұрмыска шыкпаған кезімде жездем (ағайын алыстау) артымнан калмайтын,сәті келсе ойнағандай болып құшақтап, көтеріп алып немесе сүйіп алатын. Мән бермейтінмін оның осы қылықтарына. 

Күйеуге шыққан соң бір күні жездем хабарласып тұр. «Сен күйеуіңді жаксы көрмейтін секілдісің, ол саған тең емес, мен апаңнан бұрын сені кездестіргенімде ғой, жаксы көрем сені, қатты ұнайсың, бәрін қайта бастасақ қой» деген секілді әңгіме айтатын болды.  Кейін бір жеңгем маған "сол жездең сені көрсе өзгеріп, көзі жанып кетеді" деп айтты. Мен содан кейін қорқып, онымен мүлде сөйлеспей, қашқақтайтын болдым.

Ал өткенде жасы менен үлкен қайным келіп мені суйетінін айтты, ағама айтпашы тек деп өтінді. Осыдан бір жыл бұрын жеңгем ағамның баскамен сөйлесетінін біліп, айқай болған. Сонда айтпағым, еркектер жан жары бола тұра баскаға қалай қарайды. Мен ашуым келіп үшеуіне де тіпті туған ағам болса да жыным келеді. Қарап отырсам, үшеуінің де келіншектері жап-жаксы, күліп тұрады ақкөңіл, жан-жағына сыйлы. Сонда әйелдер күйеулері басқаға көз салмау үшін көкбет, жалмауыз болуы керек па? 


Айна, Алматы
 

Соңғы жаңалықтар