«Жезқазған - Бейнеу» темір жолының құрылысына тек отандық материалдар қолданылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жезқазған - Бейнеу» темір жолының құрылысына тек отандық материалдар қолданылуда

«Жезқазған - Бейнеу» темір жолының құрылысына тек отандық материалдар қолданылуда

Еліміздің орталық аймағын Ақтау айлағымен жалғастыра­тын Жезқазған - Бейнеу темір жолының құрылысы басталғалы үш-төрт ай болып қалды.

  • 7 Қараша 2012
  • 822
Фото - Caravan.kz

Бү­гін­де мыс өндірушілер шаһарының іргесіндегі Геолог кентінде қай­наған қызу еңбек. Мыңға тар­та адам жаңа жолдың табанын ны­ғырлау, яғни топырақ пен қиыр­шық тас төсеу жұмыстарын жүр­гізіп жатса, екінші жағынан солар үшін тұрмыстық нысандар салынуда. Астанадан, Қарағандыдан, Жезқазғаннан жұмылды­рыл­ған 8 мердігер ұйымның әр­қай­сысының өз міндеттері бар. Өндірістік базаның ісін қа­лып­тас­тыру бойынша алдымен 4 шақырым темір жол тармағы тар­тылды. Жезді өзені үстінде көпір тұрғызылды. Жыл аяғына дейін 100 шақырым топырақ төсеу жобаланып отыр.

Ғасырлық жобаға тең бұл құрылыстың Жезқазған — Сексеуіл тармағы 2016 жылы іске қо­сылуға тиіс. Дегенмен, қазіргі жұмыс қарқыны оның бойымен қозғалыстың мерзімінен алты ай бұрын басталуынан үміттендіреді. Жол Жезқазғаннан бастау алып, Жезді мен Қарсақбай кенттерін, Байқоңыр, Қарақұм ауылдарын басып өтеді. Бастапқы негізгі жұмыстар шоғырланған Геолог кентінде алдағы жылы «Қа­зақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ қыз­метшілеріне арналып 40 тұрғын үй, балалар бақшасы, мектеп бой көтергелі тұр.

Аталған темір жолға тек отандық материалдар қолдануда. Соның ішінде басты өнім — темір-бетон шпалдарымен Бұқар жырау ауданындағы «Өнеркәсіп Транс» ЖШС қамтамасыз етеді. Мұнда жылына өндірілетін 384 мың шпал Жезқазған-Бейнеу бағытындағы бүкіл темір жол мұқ­тажын өтей алады.

Бұл күнде Жезқазған стан­са­сы да үлкен өзгерістер үстінде. 9 қосымша жол тармағы пайда бо­ла­ды. Ескі вокзал ғимараты та­нығысыз жаңарады. Сексеуіл тар­мағы тартылып бітісімен 12 жолаушылар пойызына жол ашылады. Станса арқылы со­ны­мен бірге күніне бірнеше тауар­лы құрамалар екі жаққа керуен түзейді. Жалпы алғанда, бұл жол­мен жылына 21 миллион тон­на жүк тасымалданады. Сол уақытта штаты 370 адамнан 3 мың адамға ұлғайып, олардың қатарын Жезқазған бизнес және көлік колледжін бітірушілер толықтырады. Биыл осы оқу орны темір жол құрылысын жүргізу және жол шаруашылығы бөлімі мамандарын даярлауға кірісті.

Жезқазғаннан асып Жезді, Қарсақбайға қарай бет түзеген, алысты жақындатқан жол күн өткен сайын Сексеуілге қол со­зып ба­рады. Бейнеу жақтан тар­ты­лу­да­ғы тармақ та осы стансада тү­йіседі. Сырттан көмексіз, бә­рін өз күшімен атқарып жат­қан қазақ­стан­дық жол салушы­лар жүктел­ген жауапкершілікті абыроймен орындайтындық­тары­на сенеді.

«Егемен Қазақстан» газеті (мақала авторы — Айқын Несіпбай, Қарағанды облысы)

Соңғы жаңалықтар