Жарияланды: 650

Жезқазған мыс балқыту зауытында пештің опырылып құлауы салдарынан 5 жұмысшыны күйік шалды

Қарағанды облысында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында, балқыту цехында кеше кешқұрым пештің бір бөлігі опырылып құлады. ҚР ТЖМ-нан хабарланғандай, оқиға газ құбырын тазалау бойынша жоспарлы-жөндеу жұмыстарын атқару кезінде сөндірулі тұрған №2 кен термопешінде орын алған. Соның салдарынан 5 жұмысшыны күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін