ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жексенбі күні кешқұрым полицияның кезекші бөліміне Анарқұлов көшесі, 2 мекен-жайындағы бес қабатты үйдің тұрғыны хабарласып, хат салатын жәшігінен гранатаға ұқсас зат тауып алғандығын айтқан.
Төтенше жағдай орнына дереу жеткен ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД-ның 9 адамы арнайы іс-шаралар жүргізіп, жарылғыш зат — оқу гранатасы екендігін анықтады.
Полиция қызметкерлері гранатаны жою үшін алынды.