Жезқазған тұрғыны көлікке қызмет көрсету орталығында тапаншадан оқ атқан - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазған тұрғыны көлікке қызмет көрсету орталығында тапаншадан оқ атқан

Жезқазған тұрғыны көлікке қызмет көрсету орталығында тапаншадан оқ атқан

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында көлікке қызмет көрсету орталығының аумағында бір әйел оққа ұшып өлді, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 14 Шiлде 2011
  • 712
Фото - Caravan.kz

21 жастағы әйел техникалық қызмет көрсету станциясына келген екі көлік иесінің қақтығысының құрбаны болған.

«Олардың бірі көлігін жудыруға келіп тоқтағанда, артынан екінші көлік келген. Екінші көлік иесі көліктен түсісімен қолына тапанша алып, бірінші көліктің иесіне қарай бет алған. Тапаншамен артына түскен танысын көрген ол боксқа қашып кірген. Тапанша ұстаған адам оны артынан қуып оңды-солды оқ атқан. Соның сладарынан сервис орталығының 47 жастағы жұмысшысы жараланып, 21 жастағы әйел оққа ұшып өлген», — дейді баспасөз қызметі.
Жедел шара барысында полиция қызметкерлері Жезқазғанның 41 жастағы тұрғынын ұстап, тапаншасын тәркілеп алған.
Ұсталған азамат бұрын болған кикілжің салдарынан танысының көлігінің ізіне түсіп, оқ атқанын мойындаған.
Адам өлтіргені, адам жаралағаны және кісі өлтірмек болғаны үшін қылмыстық Ұсталған азматтың үстінен іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар