Бұл туралы Қызылорда темір жол бөлімінің бас инженері Кеуілхан Берікбаев мәлімдеді.
Жалпы ұзақтығы 988 шақырымды құрайтын бұл күрежолдың Қызылорда аумағына жататын Жезқазған-Сексеуіл бөлігі 517 шақырымға созылады. Осы алып құрылысты салу үшін қазір мемлекет бюджетінен 561 миллиард теңге, немесе 4 миллиард АҚШ доллары бөлініп отыр. Алдағы күз айларында басталатын бұл құрылыс 45 айға созылады деп күтілуде. Мұнда жаңадан бой көтеретін әрбір станса мен бекет қажетті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілетін болады. Құрылыстың салтанатты түрде басталуы Астана күндері қарсаңында өтеді.