Жезқазғанда 180-ге жуық қойды қолды еткен барымташы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазғанда 180-ге жуық қойды қолды еткен барымташы ұсталды

Жезқазғанда 180-ге жуық қойды қолды еткен барымташы ұсталды

Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері

  • 27 Тамыз 2015
  • 411
Фото - Caravan.kz

Талап елді мекені тұрғындарының малын ұрлаған барымташыны құрықтады, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-інің баспасөз қызметінен.

Тамыз айының басында Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасына ауылдың екі тұрғыны шағымданып, жайылымда жүрген жерінен біреуінің 43, ал екіншісінің 134 бас қойлары жоғалғандығы туралы арызданған.


Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен жәбірленушілердің 44 жастағы ауылдасы құрықталып, жайылымда жүрген қойларды ұрлағандығын мойындады, малдардың жартысы күдіктіден тәркіленіп алынды.

Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар