Жезқазғанда 27 пәтерлі үй пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазғанда 27 пәтерлі үй пайдалануға берілді

Жезқазғанда 27 пәтерлі үй пайдалануға берілді

Жезқазғанда 9 қабатты 27 пәтерлі үй пайдалануға берілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Тамыз 2005
  • 383
Фото - Caravan.kz

Сақалды құрылысқа айналғалы 10 жылдан асқан бұл үйді 30 млн. теңге инвестиция жұмсап, «Карат» ЖШС салып бітірді.

Жезқазған қалалық әкімшілігінің хабарлауынша, жаңа үйдің 1 шаршы метрінің құны 130 АҚШ долларынан аспайды.
Пәтерлердің тең жартысын ипотека бойынша жұмысшы жастар иемденді. Ал қалған пәтерлер мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне үлестірілді. Жаңа пәтер қожайындарына кілтті Жезқазған қаласының әкімі Арман Бейсенов табыс етті.

Перейти к новостям спорта