Жезқазғанда 4 жастағы бүлдіршінді зорлаған педофил ұсталды
|
Жезқазғанда 4 жасар қызды зорлаған педофил ұсталды. Ардан безген азамат бүлдіршінді зорлап жатқанда, айқай-шуды естіген тұрғындар полиция шақыртқан. Қолға түскен қаскөй сұмдықты бастан-аяқ тәптіштеп айтып берді.
Жезқазғандағы жатақханаға танысына келген 23 жастағы жігіт жақсы отырыстан соң дәлізге тыныстауға шықтым дейді. Ондағы ойнап жүрген 4 жасар бүлдіршін қызды ұялы телефондағы ойынмен алдаусыратып, әжетханаға алып кіріпті. Арам ойын да сол жерде іске асырған. Қыздың жанұшырған айқайын көршілер де естіген. Ізін суытпақ болған ол ұзаққа бармай құрықталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін