Жезқазғандағы жатақханаға танысына келген 23 жастағы жігіт жақсы отырыстан соң дәлізге тыныстауға шықтым дейді. Ондағы ойнап жүрген 4 жасар бүлдіршін қызды ұялы телефондағы ойынмен алдаусыратып, әжетханаға алып кіріпті. Арам ойын да сол жерде іске асырған. Қыздың жанұшырған айқайын көршілер де естіген. Ізін суытпақ болған ол ұзаққа бармай құрықталды.