Куәгерлердің айтуынша, автобус кешкі уақытта аурухана кешенінің ауданында өртенген. "ПАЗ" маркалы автобустың өртенгені туралы мәлімет өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне 19:19-да түскен.
Өрт болған уақытта қоғамдық көліктің ішінде жолаушылар болмаған. Өрт салдарынан күйіп қалған 1995 жылғы жүргізуші мен 1994 жылғы кондуктор Жезқазған ауруханасына жеткізілді. Өрт 19:40-та сөндірілді. Өрт аумағы — 12 шаршы метр.
"Өрт сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД апатты құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы мен арнайы үш техника жұмылдырылды", — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.