Ұлытау-Сәтбаев тас жолында келе жатқан жол талғамайтын көлік тоқтатылып тексерілгенде тәртіп сақшылары жағаларын ұстады. Көліктің жүксалғышында бастары кесіліп, терісі сыпырылған 13 киіктің денелері табылған. Сонымен қатар 28 жастағы аңшының басқаруындағы көлік ішінен оқ-дәріге толы мылтық тәркіленді. Ал «Қызыл кітапқа» енген жануарларды қырып салған қаскөйге қатысты қылмыстық іс қозғалды.