Жібек Мусинованы зорлағандардың үкімі өзгеріссіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жібек Мусинованы зорлағандардың үкімі өзгеріссіз қалды

Жібек Мусинованы зорлағандардың үкімі өзгеріссіз қалды

Алматы облыстық соты Есік қаласындағы топ болып қыз зорлау ісі бойынша шыққан сот үкімін өзгертпеді деп жазады Азаттық.

  • 14 Ақпан 2017
  • 513
Фото - Caravan.kz

28 қарашада Есік қаласының соты Есік тұрғыны Жібек Мусинованы зорлады деп айыпталған төрт адамды кінәлі деп тауып, ұзақ жылдарға соттаған: Асхат Бектұрсын — 10 жылға, Елтай Нұрбол — 9 жылға, Алмас Ермеков – 9,5 жылға, Ербол Ермеков — 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, апелляциялық сот отырысы өтетін сот ғимаратында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Жібек Мусинова топтасып зорлауға ұшырады деп болжанған былтыр тамыздың 14-іне қараған түнгі оқиғаны жергілікті баспасөз құралдары "резонансты қылмыс" деп атаған. Полицейлер төрт күдіктіге қатысты қылмыстық істі Мусинованың анасының видеоүндеуінен кейін ғана қозғаған, ал қылмыстық іс журналистердің назарына ілікті. Бұл іс бойынша сот 19 қазанда басталып, жабық түрде өтті. Сот іс материалдары бойынша салонында жыныстық зорлау болды танылған көлікті тәркілеуге шешім шығарды.

Сотталушылардың адвокаттары үкіммен келіспей оған қарсылық білдірген.