"Жібере салайын, өзі білсін": Гүлзира Айдарбекова неше жылдан кейін келіні Жұлдыз туралы күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жібере салайын, өзі білсін": Гүлзира Айдарбекова неше жылдан кейін келіні Жұлдыз туралы күтпеген мәлімдеме жасады

"Жібере салайын, өзі білсін": Гүлзира Айдарбекова неше жылдан кейін келіні Жұлдыз туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова төрт жылдан кейін алғаш рет сұхбат беріп, отбасындағы құпияларымен бөлісті.

  • 9 Қаңтар
  • 31382
Фото - Caravan.kz

Ол көпшіліктің көкейінде жүрген тұңғыш келіні Жұлдыз Әбдікәрімовамен ара қатынасы туралы да айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ол "Mom-skий әңгіме" бағдарламасы барысында айтты. 

"Жұлдыз келін болып түскенде, 19 жаста болды. Ал Қайрат 18 жаста еді. Келін бөтен үйге келгенде ештеңе білмей келеді. Үйрету біздің парызымыз. Бірінші келген кезінде қызықтары көп болды. Қонақта отырсам, "Бірінші пияз салам ба? Ет салам ба?" деп хабарласты. Сөйтсем, Қайрат екеуі тамақ дайындайын деп жүр екен. Қазір тамақты өте дәмді дайындайды", — деді ол.

Продюсердің сөзінше ол келіндеріне барлық жағдайды жасап қойған. 

"Келіндердің барлығы солай. Келген кезде қиналады. Үй қызметшілері ауысқанда басқасын тапқанша арасында үзіліс болады. Сондай кезде өздеріне қиын болады. Негізі барынша қиналдырмауға, жағдайларын жасауға тырысамын. Нұрекең "Сен келіндерді жаман үйреттің. Үйдің шаруасын білмей қалады" дейді. "Менің көргенімді көрмей-ақ қойсын. Өздері білетін шыған. Түсінетін шығар" деймін. Біздің үйде міндетті түрде нан жабамыз. Келін біздің өміріміздің жалғасы. Сондықтан бәрін үйретуіміз керек. Ене барынша түсіндіруге тиісті. Бірақ оны тыңдайтын келін болса, әрине. Өйткені, басқа әулеттен, басқа тәрбиеден шыққасын, сенің жан дүниеңді түсінуі де қиын ғой. Ата-ана "Қайтсем баламды бақытты етем" деп ойлайды ғой. Өмір өте адамдар сенің қанша жақсылық жасап, қиындыққа төзгеніңді түсінеді. Кейде соқыр, кейде керең боласың. Өзің туған қыз болмағасын, түсінулері қиын. Келінді қатты ұстасаң — сынып кетеді. Бос ұстасаң — жайылып кетеді. Шыдайтын келін болса, шыдайды. Шыдамайтын келін болса, "Жібере салайын. Өзі білсін. Өзі білетін уақыты жетті" дейсің. Айтқаныңа көнсе, ана ретінде ақылыңды айтасың. Көнбесе, әрі қарай өздері шешсін дейсің. Негізі осы дұрыс. Енелер келінмен ұрысып, абырой таппайды. Ер адам анасына қарағанда, әйелін көп тыңдайды. Балаңның жүрегін ауыртып, ортасына от салып не істейсің? Олар да өмір сүруі керек. Олар да шыңдалуы керек", — деді Гүлзира Айдарбекова.