Жидебай» журналының және С.Аронұлының «Бөрілі менің байрағым» жинағының тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жидебай» журналының және С.Аронұлының «Бөрілі менің байрағым» жинағының тұсаукесері өтеді

Жидебай» журналының және С.Аронұлының «Бөрілі менің байрағым» жинағының тұсаукесері өтеді

4 наурыз күні ҚР Президенттік мәдениет орталығында Халықаралық Абай клубының қолдауымен шығарылған «Жидебай» жылнамалық журналының және Сүйінбай Аронұлының «Бөрілі менің байрағым» жинағының тұсаукесері өтеді.

  • 2 Наурыз 2011
  • 4602
Фото - Caravan.kz

Халықаралық Абай клубының құрылғанына былтыр 10 жыл толды. Аталған клубтың жанынан жарық көріп жатқан «АМАNАТ» журналының 200 томдық кітапханасы — әлем халық­тары әдебиетінің, өнерінің, тарихының, философиясының үздіктерімен оқырманды қауыштырар әлеуметтік құбылыс. «Аманат» журналы кітап­хана­сының кітаптары ішкі бай маз­мұны­мен, дизайн өрнегінің әдемі­лігімен қазақ халқының болаша­ғы­на деген мол махаббатымен ерек­шеленеді.

Халықаралық Абай клубының өмірге келуіне бата берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Аманат» жур­налы­ның 200 томдық кітапханасына алғысөзінде Отанын шексіз сүйген, кітапты ардақтаған азаматтың асыл ой-пікірі жатыр. «Кітап — уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Кітап — ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен қаты­­­гез­діктің, ақиқат пен жал­ған­ның аражігін айнытпай танып білуге үйретеді», дейді Елбасы.

Бүгінгі күні «Аманат» журналын дүниенің 20-дан астам елі оқиды. «Аманат» журналының беттерінде әлемнің 40-тан астам әдебиеті жұртшылық назарына ұсынылады. Биылғы жылдан бастап, «Аманат» журналының жанынан таза қазақ тілінде әдеби, саяси, пәлсафалық діни «Жидебай» жылнамалық журналы шығарыла бастады. Аталған журналда 2010 жылы әлем қаламгерлері тудырған үздік прозалық және поэзиялық шығармалар іріктеліп берілген. Бұл басылымды жылына бір мәрте шығару көзделіп отыр.

Қазақ поэзиясының жарқын өкілі Сүйінбай Аронұлының «Бөрілі менің байрағым» басылымы да қазақ әдебиетін насихаттау мақсатында жарық көрген елеулі еңбектердің бірі. Кітапқа Сүйінбай ақынның отты өлеңдерімен бірге айтыстары сондай-ақ, ақын шығармашылығын зерттеуші С.Садырбаев, М.Жолдасбеков секілді ғалымдардың мақалалары енгізілген.