"Жиені тұрмысқа шыққан": Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен құда болды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жиені тұрмысқа шыққан": Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен құда болды (видео)

"Жиені тұрмысқа шыққан": Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен құда болды (видео)

Танымал ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейесуспен құда болды. Белгілі тұлғаның жиені эфипиолыққа осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан екен.

  • 6 Желтоқсан 2021
  • 1278
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде танымал ақын Жүрсін Ерманды құдалықпен құттықтап, сәлем жолдаған ДДСҰ директоры Тедрос Аданом Гебрейесустің видеосы қызу талқыланып жатыр.

Сөйтсек, қазақша шапан киіп, қазақ тілінде тілегін білдірген ДДСҰ директоры Жүрсін Ерманның туған құдасы болып шықты. Танымал ақынның жиені эфиопиялық азаматқа осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан екен.

"Тедрос Аданом Гебрейесустің баласы менің қызымның қызын алып отыр Айдана деген. Немерем ғой. Ардақ деген кіші қызымның қызы. Швейцарияда академия, Испанияда магистратура бітірген. Бір баласы бар, үйге келіп кеткен өздері. Сонда кигізген шапан ғой анау. Соны киіп, қазақша шамасы келгенше сөйлеп, өлеңімді оқып отыр. Рахмет. Кімнің қызы қайда шықпай жатыр? Менің қызым ДДСҰ бас директорына келін болып барып, оны қазақша сөйлетіп отырса, мен оған неге қуанбаймын?, — дейді Жүрсін Ерман.