Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Кастингке басқа рөлге, Бағланның (авт. бас кейіпкер Еңліктің күйеуі) рөліне дайындалып келдім. Еңлікті (авт. Ақбота-Нұр) ұрып жіберіп, бетін көгертіп қойдым. Образға кіріп кетіп, қатты ұрып жіберіппін. Режиссер келіп: "Шынымен ұрып жібердің ба?"- деп таңғалып қарап тұр. Өзімнің рөлімнен өзім жиіркеніп кеттім. Өкінішке қарай, қоғамда бар нәрсе", — деп ағынан жарылды Жігер.
Жуырда ғана тұсауы кесілген сериалдың соңында қандай сахна болатынын Ауыпбаев айтып қойды. Сөзінше, режиссер оған "Ақботаны зорлайсың" деген талап қойған.