"Жігіттердің физикасы өте нашар, рингте әзер жүр": Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксшыларына шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жігіттердің физикасы өте нашар, рингте әзер жүр": Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксшыларына шүйлікті

"Жігіттердің физикасы өте нашар, рингте әзер жүр": Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксшыларына шүйлікті

Бейжің Олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы Бақыт Сәрсекбаев Парижде өнер көрсетіп жатқан қазақ боксшыларына қатысты пікір білдірді.

  • 1 Тамыз
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Kyn.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz медиа хабарлайды.

Боксшы ұлттық құраманың бапкерлерін де сынға алды.

«Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта тыныс алулары қиындап, рингте әзер жүр. Соққы тым аз. Сериялық соққылар мүлдем жоқ. Үш минутта қанша соққы жасауға болады? Физикамен айналысады деп шақыртқан мамандары қайда қарап жүр? Кешенді ғылыми топ мүшелері не бітіріп жатыр? Неге біздің боксшыларға шаршы алаңда дем жетпей қала береді? Неге үш раундта аяққа тұрып үйренбейді? Бәрің шұбырып не бітіріп жүрсіңдер? Сосын тағы бір сұрағым бар: әрбір бокшы лицензия алғаннан кейін Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Практика бар ма? Мысалы мен Бейжің Олимпиадасына дейін жарты жылда 22 кездесу өткіздім. Ал бас бапкер айтарға сөзім жоқ», — дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Олимпиаданың бірінші айналымында испаниялық Хосе Кильеске есе жіберді.