"Жігіттердің орнында болсам видеоға түсірген оңбағанды сотқа берер едім": Динара Сәтжан лифтте сүйіскен екі еркек туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жігіттердің орнында болсам видеоға түсірген оңбағанды сотқа берер едім": Динара Сәтжан лифтте сүйіскен екі еркек туралы

"Жігіттердің орнында болсам видеоға түсірген оңбағанды сотқа берер едім": Динара Сәтжан лифтте сүйіскен екі еркек туралы

Журналист Динара Сәтжан Астанадағы лифттердің бірінде сүйісіп көпшіліктің жағасын ұстатқан жайтқан байланысты өз ойын айтып берді.

  • 16 Қаңтар 2023
  • 10840
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Егер адам өз ісінің маманы болса кім кіммен жатқаны бәрібір емес пе?

Лифтте сүйісе ме, көшеде сүйісе ме бәрібір емес пе?

Жеке өмір құпиясын бұзғаны үшін бізде қылмыстық жауапкершілік бар.
147 ҚР ҚК қол сұғылмаушылықты бұзу

Видеоға түсіріп, желіге салып жіберген адамның өзін көргім келеді. Ол соншалықты мінсіз беделге ие ме екен?!


Жігіттердің орнында болсам видеоға түсірген оңбағанды сотқа берер едім", — деп жазды Динара Сәтжан.

Соңғы жаңалықтар