Жігіттердің тым кеш үйленуі - ұлтымыздың үлкен қасіреті: Серік Абас-Шах - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жігіттердің тым кеш үйленуі - ұлтымыздың үлкен қасіреті: Серік Абас-Шах

Жігіттердің тым кеш үйленуі - ұлтымыздың үлкен қасіреті: Серік Абас-Шах

Белгілі журналист Серік Абас-Шах қоғамдағы дерттің біріне айналған сүр бойдақтар мен бойжеткендер жайлы өз ойын бөлісті.

  • 12 Қаңтар 2021
  • 1103
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы журналисттің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Статистикаға сүйенбей ақ қояйын, екі танысым 1972 жылғы (өмірі үйленбеген), тағы бір танысым 1973 жылғы (үйленбеген), тағы бір танысым 1974 жылғы (ешқашан үйленбеген), тағы бір танысым 1975 жылғы (үйленгенін естімеппін).

Қырық бестен асқан жігіттер (кеуіп) “сүрленіп” жүргенде, жетпісінші жылдардың соңында және сексенінші жылдардың басында, ортасында және соңында туған інішектерге бірдеңе деуге ыңғайсызданады екенсің.

Р.S. Бойдақ қыздар туралы үндемей ақ қояйын. Жігіттер ұсыныс жасап жатпаса, олар қалай (және кімге) тұрмысқа шығады? Бұл жәй айтыла әңгіме емес, ұлтымыздың үлкен қасіреті болып тұр (өкінішке қарай), деп жазды. 

Оқырмандар жеке пікірлерімен бөлісті: "Онысы рас енди… жігіттерден сұрасаң оңған қыз жоқ дейді, қыздардан сұрасаң оңған жігіт жоқ дейді", "Жағдайдың жоқтығы да өте көп әсер етеді", "Қалыңмалды ұмыту керек. Ысырап тойды тоқтату керек", "Бастысы — материалдық жағдай! Үй мен тұрақты жұмыс (нормальный жалақысымен!) берсе, күні ертең үйленуге бармын!!! А так, 4-5 бала туғызып, бірінің киімін біріне кигізіп, тау қопарып тастағандай шіреніп, біреудің табалдырығында (квартирада) жүруге желание жоқ!!!", деген түрлі ойлар жазылды. 


Құрметті оқырман! Осы тақырып аясында сіздің пікіріңіз қандай?