«Жігіттермен жиі күресемін»: Қырғыз бен тәжік ұлдарын жеңіп кеткен Жібек ешқашан жеңіліп көрмеген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жігіттермен жиі күресемін»: Қырғыз бен тәжік ұлдарын жеңіп кеткен Жібек ешқашан жеңіліп көрмеген

«Жігіттермен жиі күресемін»: Қырғыз бен тәжік ұлдарын жеңіп кеткен Жібек ешқашан жеңіліп көрмеген

Әлеуметтік желіде үнемі ұлдармен күресіп, жеңіп жүрген Жібек Құлымбетованың видеосы көпшіліктің таңданысын туғызған болатын.

  • 7 Қараша 2018
  • 158
Фото - Caravan.kz

Қырғыз баласы мен тәжік баласын жер жастандырған қазақ қызы Жібек джиу-джитсудан әлем чемпионы.

Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне оның анасы Құлпынай Құлымбетова Жібек туралы және оның ұлдармен не үшін күресіп жүргені жайлы айтып берді.

Жібектің джиу-джитсумен айналысып жүргеніне 2 жыл болды. Бірақ біз оны әдейі чемпион болсын, атақты болсын деп берген жоқпыз. Тек компьютерге, телефон, телевизорға қарауды азайтсын деп бергенбіз.Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында Нұрсұлтан Орынбасаров деген жаттықтырушыда жаттығады, дейді анасы Құлпынай Құлымбетова.

Ұлдармен жиі күреседі

Былтыр Тәжікстанда желтоқсан айында өткен халықаралық турнирде Бразилия, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдерден келген жарыста Жібектің салмағында қыздар болмағандықтан оны ұлдарға қосқан. Сол жерде Тәжікстанның баласымен финалда жолқан. Ол ер бала Қазақстаннан барған барлық балаларды жеңген екен. Ал финалдық белдесуде Жібек ол баланы жеңді. Әлгі бала кәдімгідей жылаған болатын. Негізі, шынында да мықты бала еді. Сол кезде қатты бір қуанғанымыз бар.

Қырғызстанда өткен жарыста ұл баламен күресуінің себебі бар

Қырғызстанда Алай Окун деген халықаралық турнир өтті. Ол жерде де бір талай елдер болды. Олар бізге жеткенше қыздар болады деп айтты. Ош қаласында өтті. Сөйтсек барған кезде қыздар жоқ екен. Жүлдені былай бере саламыз дейді. Кішкене көңіл-күйіміз түсіп кетті. Сонша жерден келгенде күресіп алғаны жақсы ғой. Екіншіден тәжірибе жинайсың. Сосын ұйымдастырушылар, жаттықтырушылар Жібек ұлдармен күресе ме екен деп, айтты. Оған да келістік. Бірақ Қырғызстанды білеміз ғой енді, олар да күрестен мықты біздің қазақтар сияқты. Дегенмен өзінің техникасының арқасында ұлдарды ұтып, жеңімпаз атанып келді. Жалпы көптеген турнирларда ұлдар арасында чемпион болып жүр.

Қазір оның салмағында Қазақстанда қыздар аз

Өте аз. Бәрін жеңіп тастады. Соңғы екі жарысқа бармаған себебіміз. Сол қыздармен қайта күресу керек болды. 3-4 қыз шығар көп болса. Олардың бәрін жеңіп Жібек чемпион атанып жүр қанша мәрте. Сол себепті ол қыздар да жарыста жеңіп көрсінші деп бармадық, мүмкіндік берейік деп.

Жібекке ұлдармен күрескен ұнайды

Өзі басында маған қиынырақ деп айтқан. Қазір оңай. Қайта ұнайды дейді. Оған өзінің салмағындағы жасы сәйкес келетін ұлдармен күрескен оңай әрі ұнайды.

Әлем чемпионы болу әр адамның арманы

2018 жлы БАӘ-нің Абу-даби қаласында өткен чемпионатта 11 жаста әлем чемпионы атанды. 11 қарсыласын жеңіп, жеңімпаз атанды. Ол кезде салмағы да қарсыластарынан аз болды. Бірақ бәрібір жалғыз қазақ қызы ешкімге дес берген жоқ.

Негізі джиу-дитсудің бразилиялық стилі.Қыз балаға келеді. Өйткені мұнда жапондық түрі сияқты тебу, ұру деген жоқ. Сол үшін бердім қызымды. Қанша дегенмен қыз бала ғой. Денсаулығына да бәріне пайдалы. Сабағы жақсы. Өзі сыныпта староста.

Жарыстар сабағына кері әсер етпейді

Соңғы кездері жарыстарға көп барды. Астанаға бардық, Қырғызстанға бардық. Сол кезде өзінің Уәлихан деген ағайы сабағы сәл-сәл қиндап қаладау деп күмәнданған. Сосын математикадан қосымша дайындап қатарға қосып алды. Ал басқа сабақтардан жақсы.

Қырғыз бен тәжіктің баласын жеңген видео тараған соң көшеде танитындар көбейді

Көп танып жатады. Өткенде жаңа кимоно алуға бардық. Сол жерде спортқа қатысты адамдар мен жанкүйерлер болды. Жібек сол кимоносын киіп шығып жүрген кезде бір екі адам қарап тұрып «Жібек, сен қырғыз баласын жеңген чемпион емессің ба», деп сұрап жатты.Сосын суретке түсіп, құттықтап, жарайсың деп мақтап жаттыр. Ондай оқиғалар көп болып тұрады. Мектепте ата-аналар көп суретке түседі біздің чемпионсың деп.

Жұлдыз ауруы жоқ

Жоқ. Ондай мінез жоқ. Ол өзі салмақты. Жаттықтырушысы да айтады, мұғалімі де айтып жатыр, «сол баяғы Жібек, чемпионмын деп бір мақтанып, мінезін көрсетпейді. Неге өйтесің, кішкене чемпионмын деп сөйлеп үйренші» деп күліп айтып жатады. Негізі өзі қарапайым, салмақты. Бірақ ұстаздары спортқа беріп дұрыс істедіңіз, өте тұйық еді. Қазір сөйлеп үйренді деп айтып жатыр.