«Ауыл» партиясының өкілдері алдымен Орал іргесіндегі құс фабрикасына барды. Кәсіпорында 200-ден астам адам жұмыс істейді. Жылына 8,5 мың тонна өнім өндіреді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Саяси бірлестік мүшелері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет ұжымымен де жүздесті. Кездесуде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Бұған дейін Жигули Дайрабаев бастаған үгіт-насихат тобының өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай, Маңғыстау облыстарының сайлаушылармен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.