"Жиіркенішті әрекеттеріңді насихаттауға жол жоқ" - Танымал нумеролог гей екенін айтқан продюсерге ұрысып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жиіркенішті әрекеттеріңді насихаттауға жол жоқ" - Танымал нумеролог гей екенін айтқан продюсерге ұрысып тастады

"Жиіркенішті әрекеттеріңді насихаттауға жол жоқ" - Танымал нумеролог гей екенін айтқан продюсерге ұрысып тастады

Танымал нумеролог Клара Күзденбаева өзінің гей екенін айтқан продюсер Абдель Мұхтаровқа ұрысып тастады.

  • 30 Шiлде
  • 50
Time.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Ренжіме, Абдель. Өзге жыныстық адам екеніңді неге айтып жатсың? Онымен мақтанудың қажеті жоқ. Сен жасырынып, оны айтпауың керек. Жиіркенішті әрекеттеріңді насихаттауға жол жоқ. Үндеме, сөйлеме. Оны насихаттаушы болма», — деді нумеролог.

Өзін сынаған нумерологты Абдель Мұхтаров ЮНЕСКО-ның психологына сай емес маман деп айыптады.

«Жыныстық көзқарасыма құрмет танытпай, кемсітіп отыр. Бұл ЮНЕСКО-ның психологына сай тірлік пе?!» – деп ашынған ол, нумерологтың әрекетін халықаралық стандарттарға қарсы деп бағалап, тиісті шара қолдануға шақырды.

Шоуменнің айтуынша, ол бұл жағдайға байланысты ресми түрде ЮНЕСКО-ға шағым түсірмек. Сонымен қатар, нумерологты «халықаралық беделді ұйымының дипломынан айыру керек» деп мәлімдеді.

Перейти к новостям спорта