Жиль Бурдостың «Ренуар. Соңғы махаббат» фильмінің Қазақстандағы прокаты басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жиль Бурдостың «Ренуар. Соңғы махаббат» фильмінің Қазақстандағы прокаты басталады

Жиль Бурдостың «Ренуар. Соңғы махаббат» фильмінің Қазақстандағы прокаты басталады

Алматыда Қазақстан кинотеатрларында 25 сәуірден бастап прокатқа шығатын Жиль Бурдостың «Ренуар. Соңғы махаббат» драмасының журналистер үшін көрсетілімі болды.

  • 17 Сәуiр 2013
  • 414
Фото - Caravan.kz

Басты рөлдерді Мишель Буке, Венсан Ротье, Криста Торе сомдайтын бұл фильм Францияда 2 қаңтарда прокатқа шыққан болатын. Оның Қазақстандағы дистрибьютері: КЗ-Иллюзион.

Бұл кино 18-21 сәуір күндері Алматыда өтетін IV «Қазіргі заманғы француз киносы» фестивалінің бағдарламасына еніп отыр. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары оны өзгелерден бұрын тамалашалай алады. Туындының фестивальдік көрсетілімі 19 сәуірде «Арман» кинотеатрында өтетін болады. Ұзақтығы 111 минут болатын бұл драмада Францияның Жерорта теңізіндегі жағалауында 1915 жылы орын алған оқиғалар суреттеледі. Ұлы өнер мен махаббат тақырыбын өзек еткен драма жасы шау тартып, өз бетімен жүріп-тұруы мұңға айналған суретші Огюст Ренуар мен оның музасына айналған қыз Андре туралы.

Перейти к новостям спорта