«Жинақ банкі» балалардың ойын кешендері жөніндегі бағдарламаны іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жинақ банкі» балалардың ойын кешендері жөніндегі бағдарламаны іске қосты

«Жинақ банкі» балалардың ойын кешендері жөніндегі бағдарламаны іске қосты

«Жинақ банкі» АҚ еншілес банкі ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен банктің 170 жылдық мерейтойы құрметіне Алмалы ауданындағы «Қарағайлы» саябағына балаларға арналған ойын кешенін сыйға тартты.

  • 5 Шiлде 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бүгін саябақта аталмыш ойын алаңының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Шараға «Жинақ банкі» АҚ еншілес банкі Басқарма төрағасының орынбасары Шухрат Садыров, Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков, сонымен қатар аудан тұрғындары қатысты.

«Жинақ банкі басшылығы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен банктің мерейтойына орай Қазақстанның барлық аумағында балаларға арналған ойын кешендерін салуды ұйғарды. Бүгін бағдарламаның алғашқы жұмысы іске асты. Алдағы уақытта Алматы қаласының өзінде әлі де 8 ойын кешенін салуды жоспарлап отырмыз. Жинақ банкі қоғам мен мемлекет алдында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін жақсы түсінеді, сондықтан қаланың көркеюі мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қосып жатқандығымызға қуаныштымыз»,-деді Шухрат Садыров.

Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков банктің бағдарламасын атап өтіп, «Біз Жинақ банктің акциясының қаланың орталығынан басталғанына қуаныштымыз. Алмалы ауданында 700-дей аула бар. Оның көпшілігі заманауи үлгідегі кешендерді қажет етеді. Бүгінде сәбилердің дүниеге келуі көбейді, балабақшалар мен мектептер жетіспеуде, сонымен қатар, жақсы ойын кешендерінің аздығы да белгілі жағдай. Бұл орайда, банктің бала қамқорлығына жете мән беріп, үлкен бастаманы қолға алғандарына алғысымды білдіргім келеді»,-деді ол.

«Жинақ банкі» АҚ еншілес банкінің Қазақстан нарығында жұмыс істеп жатқанына 5 жыл болды. Банк «Даму» КДҚ мен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Қазіргі уақытта банктің 105 құрылымдық бөлімшесінен тұратын филиалдық жүйесі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар