Caravan.kz медиа порталы әдеттегідей Ресейлік БАҚ-қа шолу жасап көрді.
Алматыда туып өскен ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Ресейдің "Комсомольская правда" радиосына берген сұхбатында қазақ тілі туралы сөз қозғады.
"Егерде мектептерде сол елдің тілімен балалармен мектепке бармаса, ол тілдің қажеті қанша? Бізде Алматыда орыс тілі мен қазақ тілі болды. Қазақ мектебіне ашты бірақ ешкім барған жоқ. Бүкіл қазақтар орысша сөйлейді, қазақ тілінің қажеті қанша? Қазақ театры ашылды оған ешкім бармайды. Қазақ және орыс тілдерінде газеттер шығатын, орысшасы барлығы алатын ал қазақшасы мүлдем өтпейтін. Қазақтардың өздері қазақша газеті оқығылары келмейді, қазақша сөйлегісі келмейді, балаларын қазақ балабақшасына бергілері келмейді. Сондықтан ол тілдің қажеті жоқ", — деді Жириновский.
Ресейде 10 жыл бұрын ер адамды зілбалғамен өлтірген қазақты соттағалы жатыр — Tvter.ru
Кимский ауданында прокурор он жыл бұрын тергеуден ұзақ уақыт бойы жасырынған 35 жастағы Қазақстанның азаматына қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын мақұлдады. Тергеу барысында анықталғандай, 2010 жылдың қыркүйегінде айыпкер Белый Городок ауылының болған кезде танысымен ұрысып, оны басынан ұрып соққыға жыққан, оның қарсыласы оқиға орнында қайтыс болған.
Осы жылдың сәуір айында Екатеринбургте қазақ ұсталды. Ол он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстанда COVID-19-ға шектеу шаралары қолданылды — Газета РУ
Қазақстанда коронавирусқа байланысты шектеулі шаралар 2 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанда инфекциялардың өсуі тұрақтануда, алайда Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсарту үшін шектеу шараларын қолдануды ұсынды.
«Біз республикада шектеу шараларын 20 шілде мен 2 тамыз аралығында тағы 2 аптаға ұзарту туралы шешім қабылдаймыз», — деді Мамин.
Сонымен қатар, ол тұрғындарды қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарамауын сұрады.
Соңғы мәліметтер бойынша, республикада 61,7 мыңнан астам жағдай тіркелді, 35,9 мың науқас емделіп шықса, оның 396-сы қайтыс болған.