ЖХЛ: «Сарыарқа» Саратов командасын ойсырата ұтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖХЛ: «Сарыарқа» Саратов командасын ойсырата ұтты (ВИДЕО)

ЖХЛ: «Сарыарқа» Саратов командасын ойсырата ұтты (ВИДЕО)

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Кристалл» (Ресей, Саратов) командасын ойсырата ұтты. Есеп - 5:0.

  • 19 Қараша 2013
  • 344
Фото - Caravan.kz

Матчтың бірінші кезеңінде «Сарыарқаның» хоккейшілері қарсыластың қақпасына үш бірдей шайба салып, алға шықты. Екінші кезеңде Константин Макаров дубль жасаса, үшінші кезеңде Кирилл Лебедев қарағандылық клубтың басымдығын ұлғайтты. Бұл ойында алғашқы шайба бір ойыншыға артық құрамда соғылды. Ал қалған төртеуін «Сарыарқа» тең жүріп, сала білді. Қорытынды есеп — 5:0.

Осы ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, барлығы 40 ұпаймен жетінші орнын сақтап қалды. Ал «Кристалл» хоккей клубы он алтыншы орынға сырғыды.


ВИДЕО

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера