Жаңаланған орталықтарда мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес- үрдістері жаңаланған, бірыңғай электронды қызмет жүйесі енгізілген, жөндеу жұмыстары жүргізілген, делінген онда.
Енді кезекті Интернет немесе call-орталық арқылы бронь қою арқылы алуға болады.
«Қалған орталықтар жылдың соңына дейін жөнделетін болады», делінген онда.
Республикада 249 орталық бар, олар мемлекеттік қызметтің 59 түрі бойынша өтініш қабылдайды және дайын құжаттарды береді.