Дегенмен кейбір адамдар осы дәстүрден зардап шеккендерін жиі айтады. Ата-әженің қолында өскен жандар Threads желісінде жан сырын ақтарды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мен сондай баламын. Ата-әжем ертеде қайтыс болды, ал ата-анамды әке-шеше ретінде қарай алмаймын. Сондықтан бұл қазір керек емес ескі дәстүр», — деп пікір білдірді.

Коуч Роза Әшірбаева да осыған байланысты пікір білдіріп, анасының әлі күнге дейін осыдан жапа шегіп келе жатқанын жазды.
«Менің анам осы дәстүрдің құрбаны. Оның жасы 63-те, өмір бойы жұмыс жасап, жетістікке жетіп келді. Бірақ соған қарамастан, өмірдегі бір жоғалтқандай сезім оны әлі күнге дейін тастамай келеді», — деп пікір білдірді.

«Мен өзім де осындай отбасынан шыққанмын. Және мен бұған қарсымын.
Жаман ештеңе көрген жоқпын – мен жеткілікті жағдайда өстім, менде әрқашан бәрі болды, ең жақсы нәрселер берілді, ештеңеден таршылық көрмедім.
Бірақ соған қарамастан, менің ішкі қабылдауымда, отбасылық иерархияны түсінуімде бір бұзылыс бар. Қанша өзіммен жұмыс істесем де.
Ата-анаммен эмоционалдық, жылы байланыс сезілмейді», — деді тағы бір оқырман.
