Жоғары аудиторлық палата комиссиясы Ұлттық қор қаражаты қалай жұмсалып жатқанын тексере бастады  - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары аудиторлық палата комиссиясы Ұлттық қор қаражаты қалай жұмсалып жатқанын тексере бастады 

Жоғары аудиторлық палата комиссиясы Ұлттық қор қаражаты қалай жұмсалып жатқанын тексере бастады 

2014 жылы құрылғаннан бастап комиссия Ұлттық Банктің қарамағында жұмыс істеді. Ал 2020 жылдан бастап Комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата болды.

  • 24 Ақпан
  • 6
Фото: Жоғары аудиторлық палата

Комиссия өз жұмысын Ұлттық қордан экономиканы жеңілдетілген шарттармен қолдауға бөлінген қаражатқа тексеру жүргізуден бастайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстанда Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата хабарлады.

Жоғары аудиторлық палатаның хабарлауынша, қазіргі уақытта комиссияның қызметі жаңартылған форматта және жаңа құраммен жалғасады. Ұзақ үзілістен кейін биыл 21 ақпанда Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Жоғары аудиторлық палатада Комиссияның отырысы өтті.

Әлихан Смайылов Ұлттық қор қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу тәсілдері өзектендірілетінін атап өтті.

«Комиссияның жұмысын қайта бастауымыз керек. Ведомствоаралық іс-қимыл мен Ұлттық қор қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік аймақтарын нақты айқындау қажет», – деді Әлихан Смайылов.

Сөзінше, Ұлттық қордан алынатын трансферттерден экономикалық қайтарым болуы қажет.

«Ұлттық қор мемлекеттік маңызды емес міндеттерге пайдаланылмауы тиіс. Мемлекет басшысы осындай міндет қойды», – деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Әлихан Смайылов алдағы кезеңге арналған міндеттерді атап өтті:

  • Ұлттық қордан экономиканы жеңілдетілген шарттармен қолдауға бөлінген қаражатқа тексеру жүргізу;
  • Ұлттық қор қаражатын неғұрлым басым бағыттарға қайта бөлу немесе оларды қайтару жөнінде ұсыныстар беру.