Жәбірленушінің адвокаты Анна Чернованың айтуынша, Нұрасыл Болатқа жаза мерзімінің барлық мерзіміне пробациялық бақылау жүктелген. Демек, ол Қазақстаннан тыс жерде жүре алмайды, клубтар мен барларға бара алмайды, арақ ішіп, заң бұза алмайды. Сондай-ақ күн сайын сағат 23:00-ге дейін үйге келіп, пробация қызметіне хабарлауға міндеттенеді.
Егер мәжілісменнің ұлы осы шарттарды бұзса, сот оның шартты жазасын нақты жазаға ауыстырады, ол жазасын колонияда өтеуі тиіс.
«Біз бұл үкіммен келісеміз, барлығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз!»,- деді Анна Чернова.
14 мамырда Жоғарғы сот Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты әскери соттың үкімін қарай бастағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Нұрасыл Болатқа екі адамның денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының екінші бөлігінің 1 және 5-тармақтары бойынша 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу міндеттелді.
Заңгер Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Чернов қорғаған жәбірленуші тарап мәжілісменнің ұлына тым жеңіл әрі әділетсіз үкім шығарылды деп санайды.