Жоғалған мұнайшыларды іздеуге ҰҚК және ТЖМ тікұшақтары да кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғалған мұнайшыларды іздеуге ҰҚК және ТЖМ тікұшақтары да кірісті

Жоғалған мұнайшыларды іздеуге ҰҚК және ТЖМ тікұшақтары да кірісті

Алматы облысында мұнайшылар мінген тікұшақты іздеу жалғасуда, деп бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 26 Қараша 2012
  • 435
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта тікұшақты іздеу еш нәтиже бермеген. Бүгін, 26 қарашада Астана уақытымен сағат 8.00-де іздеу қайта жалғасқан.

Хабарламаға сәйкес, «Қазақстан-Қытай тұрба құбыры» ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ мен China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation-нің бірлескен кәсіпорны) атынан ұшуға өтініш бойынша «Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырының «Үшарал-Достық» учаскесіндегі желілік бөлімін әуеден шолып қайту үшін 2012 жылдың 24 қарашасында Астана уақытымен сағат 8.20-да «ЕврАзияЭйр» АҚ-на тиесілі МИ-8 тікұшағы ұшып шықты.
Бортта сегіз адам болған. Олар экипаждың бес мүшесі (екі ұшқыш, бір бортинженер, екі техникалық қызметші), «Қазақ-Қытай тұрба құбыры» ЖШС-нің N11 НПС өндірістік учаскесінің ауысымдық инженері, «Қазақ-Қытай тұрба құбыры» ЖШС-нің SCADA бойынша инженері, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының N9 Үшарала мұнай құбыры басқармасының АВП желілік тұрба тартушысы.
Сағат 12.00-де тікұшақпен байланыс үзілгені туралы хабар келіп түскен. Бұл хабар құзырлы органдарға уақытында жеткізіліп, іздеу ұйымдастырылды.
Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі жанынан жоғалған тікұшақты іздеу бойынша жедел штаб құрылды.
Тікұшақты іздеуге Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара жасағының екі тікұшағы, Төтенше жағдайлар министрлігінің бір тікұшағы, «ЕврАзияЭйр» АҚ-ның бір тікұшағы тартылды. Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері арасынан автокөліктермен іздейтін төрт ұтқыр жедел топ құрылды.

Іздеу жұмыстарына төрт топ: ҚР ҰҚК шекара жасағының әскери қызметкерлері, «ҚазТрансОйл» қызметкерлері, «СемсорСекьюрити» ЖШС-нің қызметкерлері және Алматы облыстық ТЖД, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР ҰҚК-нің 2 тікұшағы қатысты.

Бұдан басқа іздеу жұмыстарына аймақтың барлық күш құрылымдары жұмылдырылды. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан ТЖД-нің мәліметтерінше, іздеу операциясы Үржар ауданында да жүргізілуде.

Тікұшақ борты байланысқа шыққан жоқ. Қазіргі кезде іздеу операциясына ТЖМ-нің, Үржар ауданы әкімдігінің, әскери бөлімнің, мұнай компаниясының күштері жұмылдырылды, оларға жергілікті тұрғындар да көмектесуде.