Жоғалып кеткен Тараз тұрғыны Алматыдан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғалып кеткен Тараз тұрғыны Алматыдан табылды

Жоғалып кеткен Тараз тұрғыны Алматыдан табылды

Алатау аудандық ІІБ қызметкерлері жоғалып кеткен Тараз тұрғынын Алматыдан тапты.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 272
Фото - Caravan.kz

6 желтоқсанда 44 жастағы Тараз тұрғыны Серік Асановтың жоғалып кеткені туралы полицияға туысқандары хабарлаған.

«Өндірістік іс аясында іздестіру тобы құрылды. Белгілі болғандай, ер адам Алматыға жеке шаруаларымен келген. Қалада қай бағытта жүргені де белгілі болды. 16 желтоқсанда таңертең азамат өзінің достарының үйінде жүрген жерінен табылды. Өзінің қайда екендігін туысқандарына белгілі себептермен айтпаған. Оның жоғалуының криминалды астары жоқ», — деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серік Асановтың туысқандары Алатау аудандық ІІБ өкілдеріне алғыстарын жеткізді. Әсіресе полиция лейтенанты Айдын Абылайұлының қызметі ерекше аталып өтілді.


Перейти к новостям спорта