Жоғарғы оқу орындарында "Мәңгілік ел" атты арнаулы пән оқытылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы оқу орындарында "Мәңгілік ел" атты арнаулы пән оқытылып жатыр

Жоғарғы оқу орындарында "Мәңгілік ел" атты арнаулы пән оқытылып жатыр

Жоғарғы оқу орындарында "Мәңгілік ел" атты арнаулы пән оқытылып жатыр.

  • 24 Қараша 2016
  • 556
Фото - Caravan.kz


Бұған бастамашы болған Абай атындағы ұлттық университетте бүгін Алматыдағы көшбасшы жастар басқосу өткізіп, тәуелсіздіктің 25 жылдық тарихын баяндайтын осы аттас жаңа кітаптың тұсауын кесті, деп хабарлайды baq.kz.

Кездесуде қалалық әкімдік қызметкерлері мен белсенді жастар тәуелсіздік тақырыбында пікір алмасып, баяндамалар жасады. Төрт тараудан тұратын "Мәңгілік ел осылайша сомдалған" атты монография авторы Жанатбек Ішпекбаев желтоқсан оқиғасынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік мәселелеріне нақты деректер арқылы ғылыми талдау жасаған. Қазір ұлттық идеяны іске асыру бойынша университет ғалымдары бірқатар зерттеулер жүргізіп жатыр екен.

Соңғы жаңалықтар